Қырғызстанның арнайы қызметі қазақстандықты "құрықтады"

Ulysmedia

1990 жылы туған Қазақстан азаматын Қырғызстаның арнайы қызметі ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғызстан ҰҚКК

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ер адамның қылмыстық топтың мүшесі ретінде есепте тұрғанын хабарлады.

"ҰҚКК қылмыстық элементтерге және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл барысында қылмыстық жоспарларына бірқатар ауыр қылмыс, соның ішінде қарақшылық шабуылдар жасау кіретін шетелдік азаматтың Қырғызстан аумағында жасырынғаны туралы мәліметтер алды", - делінген хабарламада.

Ұсталған адам бірнеше рет сотталған және 2022 жылдың қарашасынан бастап Қазақстанның құқық қорғау органдарының халықаралық іздеуінде болған.

2023 жылдың күзінде ол шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында жасырынғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды.