Қазақстан билігі бұдан былай киікті атуға рұқсат қағазын бермейді

Аян Өрібай

Экология министрлігінің орман және жануарлар дүниесі комитеті "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына түзету енгізуге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұсынылған өзгеріске сәйкес, "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінен киіктер алынып тасталады.

"Ашық НҚА" сайтындағы құжат 8 мамырға дейін жария талқылауға шығарылған.

Ақпан айында экология және табиғи ресурстар министріысан Нысанбаев 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда киіктерге әуесқойлық аң аулауға рұқсат етілетінін мәлімдеген еді.

Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкендер популяциясын реттеуге тыйым салу туралы шешімнің күшін жоятынын айтты.