×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қорлыққа қорлықпен жауап бергім келді: Бишімбаев телефонындағы видеодан кейін үн қатты

22.04.2024, 18:22
Коллаж: ulysmedia.kz.

Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтан Салтанат Нүкенованы қинап, сұрақтың астына алып, неге видеоға түсіргенін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.​

Бишімбаев не деді

Сотталушы телефон галереясында бар барлық бейнелерді түсіргенін және ол видеолар Салтанат қайтыс болған 9 қарашада түсірілгенін мойындады.

– Мен бұл бейнені түсірдім. Есімде жоқ екен, бірақ мен оны түсіргенімді көріп тұрмын, - деп мойындады ол.

Ол сондай-ақ марқұмды не үшін түсіргенін түсіндіруге тырысты.

– Шынымды айтсам, мен түсінбеймін, мінез – құлқымды түсіндіре алмаймын. Бұл қорлыққа қорлықпен жауап беруге деген ұмтылыс болды, - деді Бишімбаев судьяның сұрағына жауап бере отырып.

Судья Айжан Құлбаева одан видеода көрінетін вип-кабинада қандай таблеткалар шашылғанын сұрады. Бишімбаевтың айтуынша, бұл көйлектің түймелері.

– Біртүрлі естілетін шығар, бірақ жағдайым соншалықты күйрейтіндей жағдайға жеткен секілдімін. Мен оның қорлығына қорлықпен жауап беруге тырыстым, - деп айыпталушы тағы да өзін ақтауға тырысты.

Судья одан "сіз қандай қорлық туралы айтып отырсыз?» деп сұраған. "Мен сыйлағанның бәрін орап, дәретханаға тастағанын" деп жауап берді Бишімбаев.

Алайда сотталушы қасақана кісі өлтіруді аса қатыгездікпен жасамағанын тағы да мәлімдеді.

Прокурор Айжан Аймағанова сұрақтар қойып, бейнежазбаның үзінділерінің бірі туралы айтып берді, онда Салтанат дәретханада отыр, ал Бишімбаев осы уақытта оның шашынан ұстап, жауап алып жатады.

Судья оған да назар аударды:

"Бір сәтте ол сізге "бас ауыра бастады, күте тұр деді. Сіз оның сөздерін естідіңіз бе?» деп сұраған.

– Мен оның сөздерін сол сәтте естідім. Ол кезде мен өлімге апарарлық нәрсе болып жатыр деп ойламадым, - деп жауап берді Бишімбаев.

Прокурордың айтуынша, Бишімбаевтың видеосының бірінде ол Салтанатты вип-кабинада қалай соғып құлатқаны көрінеді.

Сотталушының адвокаты бұл соққы емес, "шапалақ" деп санайды.

Сондай-ақ, прокурор Бишімбаев түсірген видеода Салтанаттың аяқ-қолында қан көрінетініне назар аударды. Алайда кейін қайтыс болған адамның денесінен қан табылмаған.

– Мен оның аяғындағы қанын сүртпедім. Ол пердені сүртіп жатыр, бейнеден көруге болады", - деді Бишімбаев.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары