Ақтауда көлік үстінде секірген ер адам ұсталды

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғы үй аулаларының бірінде көліктің үстінде секірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Видеодан ер адам алдымен ойын алаңында сыраға ұқсас сусын ішкенін көруге болады. Кейін ер адам қоршаудан асып, аулада тұрған көліктің үстіне мінген. Ол көлік капоты мен төбесінде секіріп қана қоймай, алдыңғы әйнегін бірнеше рет теуіп, белгісіз зат лақтырған.

Видеоның сипаттамасындағы ақпаратқа сүйенсек, бұл оқиға Ақтауда 32-ықшам аудандағы 8-үйдің жанында болған. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты жедел шара қолданған.

Тәртіп сақшылары құқықбұзушының жеке басын бірден анықтап, оған қатысты ӘҚБтК-тің 437-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ведомство хабарламасында.