Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін Ақордада қабылдады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты, соның ішінде энергетика, «жасыл» экономика, қаржы, инновация салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мол әлеует бар екеніне назар аударды.
"Біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңіліміз толады. Бүгін Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айрықша атап өткім келеді. Бұл жан-жақты құжат біздің сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін,” – деді Президент.
“11 жыл бұрын келген едім”
Ал, Дэвид Кэмерон өз кезегінде қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Ұлыбритания Премьер-министрі ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапарын ықыласпен еске алды.
"Мен мұнда 11 жыл бұрын екі ел арасындағы стратегиялық диалогты бастау үшін келген едім. Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрімен Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Энергетика, білім, бизнес және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықтар арасындағы байланыстарды өркендетуге ниеттіміз, – деді Ұлыбритания Сыртқы істер министрі.”
Бұған дейін Астанаға ресми сапармен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның келгенін айтқан едік.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездескен еді.