Қазақстандағы су тасқыны: бірқатар су қоймасы 100 пайызға толды

Ulysmedia

Су ресурстары және ирригация министрлігі өкілдері еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазсушар

Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100 пайызға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы да ернеуіне жетті.

"Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші толқыны жалғасуда. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасы арқылы толып кету биіктігі 270 сантиметрге дейін төмендеді. Өңірдегі жағдай шиеленісті болып қала береді", - деп атап өтті ведомстводан.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа толуы 97% құрайды. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа толу 82 пайызға тең.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 50%-ға толды. Өңірде су тасқыны кезеңі жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жалғасуда.

"10 сәуірден бастап Ертіс өзенінің су қоймалары каскадынан су жіберіледі. Бұл шара Павлодар облысының Ауыл шаруашылығын қажетті азық базасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы су қоймаларынан 6,3 млрд текше метр су босату жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Трансшекаралық өзеннен немесе Алматы облысының Қапшағай су қоймасына ағын Балқаш көліне шамамен 2,3 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысының Тасөткел су қоймасынан су Шу өзеніне ағады. Сәуір айының басында бұл су Түркістан облысы Созақ ауданының шекарасын кесіп өтті.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа толуы 92% құрайды. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда", – деп қосты министрлік.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Сергеев су қоймасы 159% толып, бөгет биіктігінен 3 метр 10 см асқанын айтқан болатын.