Қазақстанда OneWeb спутник интернеті қашан іске қосылатыны белгілі болды

Сырым Қаржас

Цифрлық даму министрлігі Қазақстанда OneWeb спутник интернеті қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Getty Images

Министрлік не дейді

СІМ алқасының отырысында жауапты басшылар ғарыш саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мәселесін талқылаған.

– Қазақстанның ғарыш саласын дамыту тұжырымдамасымен Қазақстан мүддесі үшін қазіргі заманның кең жолақты геостационарлық емес байланыс желілерінің шешімдерін дамыту, оның ішінде 328 ауылды кең жолақты интернетке қосу жөніндегі мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында міндеттер аталып өтті. Осыған байланысты "Көктерек" ОҒБ аумағында OneWeb геостационарлық емес байланыс желісін қосу станциясын құру жұмыстары аяқталуға жақын. Коммерциялық қызмет көрсету үшін техникалық дайындық 2024 жылға жоспарланған, – делінген хабарламада.

OneWeb – мобильді спутниктік технологиялар арқылы кең жолақты интернетті қамтамасыз етуге арналған OneWeb корпорациясының өзара байланысты спутниктік жүйесі.