Тоқаев Өтеновты қызметінен босатты

Ulysmedia

Әркен Өтенов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақорда.

Әркен Өтенов аталған қызметке 2020 жылы тағайындалған. Оның алдында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.