Ақтау маңындағы полигоннан радиоактивті метал сынықтары ұрланып жатыр

Сырым Қаржас

Мамандардың айтуынша, белгісіз адамдар арнайы техниканың көмегімен қауіпті радиоактивті метал сынықтарын қазып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inAktau.kz

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Ақтау маңындағы "Қошқар Ата" қалдық қоймасының жанындағы полигонда рейдтер жүргізілгенін хабарлады.

Толығырақ

Сарапшылар белгісіз адамдар радиоактивті метал сынықтарын ұрлап жатқанын анықтады, деп жазады inAktau.kz.

– Бұл бейнені біздің мамандар полиция қызметкерлерімен рейд барысында түсірген. Күндіз белгісіз адамдар арнайы техниканың көмегімен қауіпті радиоактивті метал сынықтарын қазып жаты", - делінген хабарламада.

Полигон дегеніміз не

КСРО кезінде Маңғыстауда уранды қайта өңдеу бойынша бірнеше кәсіпорын жұмыс істеген. Сол полигонға радиоактивті метал сынықтары жеткізілген. Бұған дейін Ақтау тұрғындары каустикалық иіске шағымданған. Полигонды қазып, өртеп жібергені белгілі болды.

Полиция бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.