×
457.98
490.86
5.26
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.98
490.86
5.26

«Өтірік сұмдық болған сайын...»: Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

06.05.2024, 10:19
Коллаж: ulysmedia.kz.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің "өтірік сұмдық болған сайын оған сену оңай" деген сөзін Бишімбаев бүгінгі соттағы соңғы сөзінде айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бишімбаев сотта соңғы сөзі

Ол алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін айтады. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді.

– Менің ата-анам мен туыстарым еш кінәлі емес, бұл менің кінәм және тек менің жауапкершілігім, - дейді ол.

Бишімбаев тергеу әлеуметтік желілердің қысымына бой алдырып, айыптау бағытында жүрді деп мәлімдеді. Тағы да ол өлімнің себебі "мидағы жарылған тамырдан" гематома болды деп мәлімдеді..

Оның іс-әрекетінде ерекше қатыгездік болмағанының дәлелі ретінде Бишімбаев Салтанаттың денесінде пышақ жарақаты болмағанын айтады.

– Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің әйгілі сөзін Бишімбаев бүгінгі соттағы соңғы сөзінде айтты. «Айтқым келмеген айтайын: нацистік Германияда пропоганда министрі деген болған. Соның "біздің өтірік сұмдық болған сайын оған халықтың сенуі оңай" деген сөзі бар. Менің де ісімде солай: өтірік сұмдық болған сайын адамдардың соған сенуі оңай», - дейді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары