×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бессмертный полк»: Байқоңырда балабақшада әскери шеру өткізілді

08.05.2024, 16:20
«Бессмертный полк»: Байқоңырда балабақшада әскери шеру өткізілді
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін жазғанымыздай, 9 мамырда, яғни ертең Байқоңыр қаласында Жеңіс күніне орай әскери шеру өтеді. Жергілікті тұрғындар, тіпті балабақшадағы сәбилер де мерекеге ерекше дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаладағы «Теремок» балабақшасында «Бессмертный полк» іс-шарасы өткен. Оған балалармен қатар ата-аналар, тәрбиешілер қатысып, барлығы ғимарат ауласында сап түзеп жүрген.

Қала билігі 9 мамырда Ленин алаңында Жеңіс шеруін өткізеді

Еске салсақ, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған. Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де қаладағы Ленин алаңында Жеңіс шеруі өтетіні жазылған.

Бюджет қаражатын үнемдейміз

3 сәуірде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери парадтар өткізілмейтінін мәлімдеген.

Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды, - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғарыш айлағы Ресейге 2050 жылға дейін жалға берілген 

Байқоңыр ғарыш айлағы әдемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны саналады. Оның басты және көмекші объектілерінің жалпы ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды.

Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазастанның иелігіне өтті. 1993 жылдан Ресей Федерациясына жалға берілді.

Өткен жылғы Мемлекет басшысы Қызылорда облысына сапары барысында «Байқоңыр» кешеніне ат басын тіреп, 2004 жылы басталған біріккен "Бәйтерек" жобасының жүзеге асу жайымен танысқан болатын. Жоба мақсаты — уыты күшті зымырандарды таза экологиялық зымырандармен ауыстыру.