Соғыс болуы мүмкін: Польша билігі дайындалып жатыр

Ulysmedia

Ресеймен соғыс болуы мүмкін деген Польша билігі дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Поляк билігі мен ел тұрғындары Украинадағы қақтығыс басқа аймақтарға таралуы мүмкін деп қорқып, Ресеймен ықтимал соғысқа дайындалуда. Бұл туралы Euronews телеарнасы хабарлады.

22 сәуірде Еуропаның жеті елінен және АҚШ-тан 5000 әскер Калининградтан оңтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан НАТО-ның қорғаныс жаттығуларына қатысты. Қазір Польшаның солтүстігінде НАТО елдерінің жаңа жаттығулары өтіп жатыр.

  "Біз аймақтық жоспарымызға сәйкес Еуропаның шығыс қапталын қорғауға дайындалып жатырмыз", - деді Польша Армиясының Бас штаб бастығының кеңесшісі Кшиштоф Крул. 

Польша солтүстігінде Калининградпен және шығысында Беларуспен шекаралас, Украинамен жалпы шекарасы 500 шақырымнан асады. 

Поляктар аумақтық қорғаныс күштері резервшілерінің қатарын толықтыра отырып, жағдай ушыққан кезде қалай әрекет ету керектігін ойластырып жатыр.  

"Биыл немесе келер жылы біздің елге басып кіру қаупі жоқ шығар, бірақ бес-жеті жылдан кейін өте үлкен қатер болуы мүмкін", - деп атап өтті аумақтық қорғаныс еріктісі Гжегож Щепанский. 

Польша Украинадағы ең ірі қару-жарақ жеткізушілерінің бірі және Еуропалық Одақтағы серіктестерін Киевке қолдауды күшейтуге шақырады.   

"Егер біз бұл қақтығысты, Польша, Литва, Латвия және Эстония шекараларында болып жатқан қатыгез соғысты тоқтатпасақ, жақын арада біз әлдеқайда үлкен қауіпке тап болуымыз мүмкін. Бұл әрбір еуропалық ел үшін қауіп", - деп атап өтті Польша Қорғаныс министрінің орынбасары Цезарь Томчик.