Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындады

Сырым Қаржас

Бұл қызметке  Константин Канцеров келді, деп хабарлады Ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

– Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.

Мемлекеттік күзет қызметі президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде президенттің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы – Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштері бар. Айрықша мақсаттағы күштер әскери құралым саналады. Құзырлы органды Сәкен Исабеков басқарады.