×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Такси жүргізушісін балағаттаған еркек ұсталды

12.05.2024, 17:20
Видеодан скриншот

Оның кім екендігі дереу анықталып, қолға түскен деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.  

"Такси жүргізушісіне қатысты балағат сөздер мен балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. 

Оқиға Астана қаласында болған. Видеожазба әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды. 

Белгісіз еркек такси жүргізушісінің намысына тиетін сөздер айтып, өте дөрекі сөйлеседі. Артынша көлікті тоқтатуын бұйырып түсіп қалады. Және жай кетпей жүргізушінің USB сымын алып кеткісі келген. Айта кетерлігі көліктің артында отырған еркек те жолдасының бұл әрекетін тыюға тырыспаған. 

Көлік тізгінінде болған жігіттің есімі Шыңғыс екен. Өзінің де, әкесінің де есту қабілеті бұзылған. Әкесі күндіз такси болып еңбек етсе, түнгі кезек Шыңғыста. Себебі екеуіне ортақ бір көлік.  

Айта кетейік соңғы уақытта қоғамда такси жүргізушілеріне қатысты дау өршіп тұр. 

Астанадағы пабликтердің бірінде такси жүргізушісінің екі балалы әйелмен дауласқан сәті тараған еді.

Астанада екі балалы әйел такси шақырған. Шақырту бойынша келген такси жүргізушісі әйелден салонда балалардың тамақ жемеуін өтінген. Бірақ әйел де, оның балалары да жүргізушіні тыңдамаған. Көлігінде тамақ жеп, қалдығын түсіре бастағаны ұнамағасын жүргізуші әйелден түсуін сұраған. Бірақ, әйел бас тартады. Керісінше телефонын алып шығып: “Полиция келгенше көліктен түспеймін” деп отырып алады. Дау кезінде әйелдің кішкентай қызы жүргізушіге ортаңғы саусағын көрсеткенін де байқауға болады. 

Ол бұдан сәл ертерек такси жүргізушісімен кикілжіңге келген «имам» Бақтияр Жақсылықовтың видеосы тараған. 

Ел ағасы жасына жеткен ол көліктің есігін тарс жауып, «Төңкеріліп кетсін! Аллаху акбар!» деп бетін сипайды. «Есікті ақырын жап...» деп ескерту жасаған жүргізушіні елемеген «имам» көлікке қайта ұмтылып, тебеді.

ТМД елдеріндегі ең қымбат Қазақстанда екендігі де белгілі болған еді.

Жыл басында такси қызметтерінің құны 1 шақырым үшін 00,61 долларды құрады, ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Әзербайжанда тариф 00,59, Ресейде 00,34, Беларусбте 00,31, Армения мен Өзбекстанда 00,3 долларды құраған.

 

Серіктес жаңалықтары