Антикор Ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Антикордың хабарламасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Іс сотқа жолданды
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.
Антикор сәуір айында Жүнісовке қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
Нариман Жүнісов еңбек жолын 20 жыл бұрын жеке секторда бастаған.
Үш жылдан кейін ол мемлекеттік қызметке – балық шаруашылығы комитетіне ауысқан. Ол бүкіл мансабын осы салада өткізді. 2021 жылы комитет басшысы болды.