Қызылорда облысында 10-сынып оқушылары бір жас кіші баланы ұрып өлтірді

Ulysmedia

Қызылорда облысында мектептің екі оқушысы өзінен бір жас кіші баланы ұрып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не болды

Оқиға Шиелі ауданындағы Шеген Қодаманов ауылында болған. 10-сыныптың екі оқушысы өзінен бір жас кіші баланы соққыға жыққан. 9-сынып оқушысы алған жарақатынан қайтыс болды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағанның қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары басталып кетті, қажетті сараптамалар жасалады.

Күдіктілер қамауға алынды

Күдікті ретінде екі кәмелетке толмаған ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Істі облыстық ПД бастығы жеке бақылауына алды.