Мамырда жауған қар: Астана маңындағы Ақкөл ауылы борандатып кетті

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде тараған фото, видеоларда кәмдігі қыстағыдай ақ түтек боран. Бұл астанадан 100 шақырым жердегі Ақкөл ауылы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Tengrinews.kz

Бұған дейін синоптиктер күн суытып, үсік болатынын ескерткен. Бірақ тап мынадай ауа-райын ешкім елестетпеген шығар. Ақкөл қаласында кәдімгі боран соғып, қар жауып жатыр. 

“Биыл жаз шықпайтын шығар”, “таңғалмаңдар бұл Астана”, “түлектерге обал болды” деп жазып жатыр желі қолданушылары.