Қанша қазақстандық абақтыда отыр?

Ғалиасқар Думан

Ішкі істер министрлігі қанша қазақстандық бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқаны айтты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Брифингте ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев бүгінгі күні елімізде 78 түзеу мекемесі жұмыс істейтінін айтты. Оның 62 –сі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға арналған болса 16-сы тергеу изоляторы. 

"Абақтыда 37 мың адам бар, оның ішінде 32 мыңы сотталған және 5 мыңы тергеу үшін қамауға алынған", – деп нақтылады Шыңғыс Алекешев. 

Оның айтуынша, тұтқындардың бір бөлігі жұмыс істейді. Олар негізінен құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын, ағаштан және пластиктен жасалған бұйымдарды өндіруге, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін дайындауға атсалысады.  

 "Жұмысқа орналасу-сотталғандарды түзетудің және оларды еркін өмірге бейімдеудің негізгі әдістерінің бірі. Сонымен қатар, бұл оларға келтірілген материалдық залал бойынша талаптарды өтеуге, алимент төлеуге, сондай-ақ туыстарына қаржылық қолдау көрсетуге көмектеседі. Жабық колонияларда барлығы 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді", - деді Шыңғыс Алекешев. 

Бұған дейін

ҚР ІІМ жанынан жаңа комитет құрылатыны белгілі болған еді. 

Жаңа комитетке мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісінше жүзеге асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны беріледі.

Құжат 2024 жылдың 7 маусымына дейін талқыланады.