140 миллиард теңге: Қазақстандықтардың алаяқтарға жем болған ақшасы

Ulysmedia

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Отырыста, тек өткен жылы ғана 44 мың қазақстандықтың алаяқтардың алдауына түскені, оларға келтірілген залал мөлшері 140 млрд теңгені құрағаны атап өтілді. 

Телефонның көмегімен жасалатын алаяқтық 

Қылмыскерлер Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерден қоңырау шалу үшін абоненттік номерді ауыстыруға мүмкіндік беретін IP (SIP) – телефония құрылғысын пайдаланады. Негізінен, алаяқтар телефонға хабарласып, есеп шотта күдікті операциялардың болып жатқандығын, сол үшін шұғыл арада қаражатты сақтап қалу үшін, «сақтандыру шотына» аударуды талап етеді. 

Фишинг немесе сілтемелер көмегімен жасалатын алаяқтық 

Алаяқтар жалған сайтқа сілтеме бойынша өтуді (банктің немесе, мысалы, танымал дүкеннің сайтына ұқсас) және өз картасынының мәліметтерін толтыру үшін хатты ашуды сұрайды. Ол онлайн-банкингке немесе жүйеге қол жеткізу және бөгде шоттарға қаражатты аудару үшін қолданылады. 

Брашинг немесе маркетплейстердегі, хабарландыру тақталарындағы және интернет-аукциондардағы алаяқтық

Алаяқтар алдау арқылы өз құрбандарын сатып алушыға ешқашан жеткізілмейтін немесе жалған интернет-тауарлар үшін төлем ақы жасауға мәжбүрлейді. 

Дипфейктер немесе әлеуметтік инженерия мен жасанды интеллектті қолданып алаяқтық жасау. 

Оның көмегімен қылмыскерлер банктік шотқа қол жеткізу, одан қолма-қол ақшаны шешіп алу және жалған несиелерді рәсімдеу үшін бөтен біреудің құжаттарын қолдан жасай алады және жаңасын "синтездей" алады. 

Қаржы пирамидалары, инвестициялық жобалар 

Алаяқтар жылдам және өте жоғары табысты уәде ете отырып әлеуметтік желілерде жалған посттар мен интернетте жарнамалық баннерлерді әдейі жасайды. 

Статистика

2023 жылы ІІМ жанынан Киберқылмыстылыққа қарсы орталық, ал аумақтық Полиция департаменттерінде «КиберПол» бөлімшелері құрылған. Нәтижесінде 3,8 мың қылмысты ашуға және азаматтарға 850 млн теңгені өндіріліп, 1891 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Онлайн алаңшаларда 500 астам алаяқтық жарнама жойылып, 57 қылмыстық кибертоп әшкереленген.

Жалпы 2 жыл ішінде 9 мың дерлік алаяқ қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 24 млрд теңгеге залал өндірілген. 68 млрд теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынған.