Президент альпинист Анар Борашеваны қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың ақпараты
Борашеваның жетістіктері
Анар Борашева тауға өрмелеумен 2015 жылдан бері айналысып келе жатқанын, ал альпинизмнің қыр-сырын кәсіби түрде соңғы 4 жыл ішінде меңгергенін айтты. Эверестке дейін ол көптеген шыңды бағындырып үлгерген. Оның ішінде Альпі тауларындағы Монблан шыңы мен Африкадағы ең биік Килиманджаро тауы бар.
Сыйлық
Сондай-ақ альпинист мемлекет басшысына Эверест шыңына алып шыққан Қазақстан туын сыйға тартты.
Эверест
Анар Бурашева "Kazakh Everest Team" командасының құрамында Эверестке шыққан еді.
8000 метр биіктікке шығу кезінде экспедициялардың көпшілігі кері қайтқан. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың қатарында біздің отандастарымыз да бар. Тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан алғашқы қазақ қызы Анар Бурашева болды. Ал оның серігі альпинист Мақсат Жұмаев бұл шыңды осымен үшінші рет бағындырып отыр.
"Kazakh Everest Team" командасының ең биік шыңға өрмелеп шығуына бес тәулік уақыт қажет болыпты.Эверест шыңында "Kazakh Everest team" спорттық-патриоттық экспедициясының қатысушылары Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерді.