Қазақстан рейтингте 21 жоғары оқу орны аталып өткен. Оның бесеуі нәтижесін жақсартып, төртеуі позициясын сақтап қалған.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының нәтижелері:
- 163 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- 321 – Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- 405 – Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
- 621-630 – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
- 671-680 – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
- 671-680 – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
- 801-850 – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
- 851-900 – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
- 901-950 – Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
- 951-1000 – Алматы технологиялық университеті;
- 951-1000 – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
- 951-1000 – Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
- 1001-1200 – Қазақстан-Британ техникалық университеті;
- 1001-1200 – Нархоз Университеті;
- 1001-1200 – КИМЭП Университеті;
- 1201-1400 – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
- 1201-1400 – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
- 1201-1400 – Сүлейман Демирел атындағы Университет;
- 1201-1400 – С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті;
- 1401+ – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті;
- 1401+ – Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.
Еске сала кетейік, 2023 жылы ғылым метрикалық көрсеткіштер мен ТДМ индикаторларын ұлғайту арқылы есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілген еді.