Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтеді: іс-шара жайлы не белгілі

Сырым Қаржас

Оңтүстік астанада Nurlan Saparov Fellowship панельдік сессиясы маусым айының соңында өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

27 маусымда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтетіні белгілі болды. Іс-шара сағат 14.00-де Caspian University-де басталады (Достық 85а).

Толығырақ

– Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы - Гарвардтың Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде (HKS) беделді білім алу мәселесін қамтуға бағытталған әлеуметтік-білім беру іс-шарасы.

HKS магистратура бағдарламаларына түскен Қазақстан мен Орталық Азиядан келген талапкерлер үшін мемлекет қайраткері және бизнесмен Нұрлан Қаппаровты, 2003 жылғы түлек (MC/Mpa) және оның HKS-тегі игі мұрасын еске алу үшін Нұрлан Қаппаров атындағы стипендия беріледі, - делінген хабарламада.

Қатысушыларды не күтіп тұр

Іс-шараның негізгі бөлігінде әр жылдардағы NK Fellowship лауреаттарының дәрістері мен презентациялары өтеді. Q&A сессиясы жоспарланған, онда тілек білдірушілер Гарвардтан тікелей эфирде болатын Admission Office Harvard Kennedy School (HKS) өкілдеріне сұрақ қоя алады.

Іс-шарада сонымен қатар көрнекті мемлекет қайраткері Нұрлан Қаппаровтың өмірбаяны туралы бейнероликтің тұсаукесері болып, стипендиаттардың әңгімелері тыңдалады.

Кім ұйымдастырады

Іс-шараны Нұрлан Қаппаров атындағы қор, Lancaster Group, YPO Kazakhstan, Caspian University ұйымдастырған. Қатысуғаға ниет білдіругілердің бәрі келе алады.

Нұрлан Қаппаров

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматыда дүниеге келген. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарды. 2013 жылғы 11 қарашадан бастап қоршаған орта және су ресурстары министрі болды.

2014 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарды.

2015 жылдың 26 наурызында Нұрлан Қаппаров Қытайда жүрегінің тоқтап қалып, көз жұмды.