«Ар-намысыма тиді»: Баян Алагөзова кіммен соттасайын деп жатыр

Қалижан Бектемір

Қазақстандық продюсер әрі тележүргізуші Баян Алагөзова ар-намысы мен абыройын қорғау үшін сотқа жүгіну туралы шешім қабылдады. Бұл туралы адвокат Олег Чернов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Адвокаттың айтқаны

Біздің команда Баян Алагөзованың мүддесін екі іс бойынша қорғайды: қорлау фактісі бойынша және ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау бойынша. Баян заң бойынша әрекет етуге шешім қабылдады, – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Кіммен соттасады

Алайда Алагөзованың нақты кіммен соттасуға шешім қабылдағаны әзірге белгісіз. Кейбір пікір жазушылар бұл продюсердің әлеуметтік жобасын сынаған блогер болуы мүмкін деп болжап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін продюсердің зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға арналған орталық ашып жатқанын хабарлаған болатынбыз.