Ауыл тұрғындары үшін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірлеу орынсыз – Жұманғарин

Аян Өрібай

Үкімет басшысының орынбасары ауыл тұрғындары үшін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірлеуді ұсынған депутаттардың ұсынысын қолдамады, еп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Коллаж: ulysmedia.kz.

Жұманғариннің жауабы

Депутаттардың бұған дейінгі ұсынысына жауап берген вице-премьер қазір де бірқатар бағдарлама барын айтады. Мәселен, Отбасы банк ауылдарда «Асыл мекен» пилоттық бағдарламасы іске қосып жатыр. Оның шеңберінде ауылды елдімекендердің тұрғындары жылдық 5%-бен бастапқы жарнасы 10%-дан басталатын жеңілдікті ипотека ала алады.

Дипломмен ауылға, Отау, Наурыз...

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде ауылдарда жұмыс істейтін мамандар (дәрігерлер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, инженерлер және т.б.) тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікпен несие ала алады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы іске қосылған «Отау» және «Наурыз» жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарламалары ауылдарда екінші нарықта тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін береді. Бұдан басқа, Отбасы банк жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) бірлесіп, оның ішінде ауыл тұрғындары үшін жеңілдікпен несиелеудің өңірлік бағдарламаларын іске асырып жатыр.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы кезеңде ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеу орынсыз деп санаймыз», - дейді Жұманғарин.

Ауылдарда тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында осы жылдан бастап моноқалалар мен аудандарда өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі енгізілген.