«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласында 2024 жылдың 11, 12 және 13 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мамандардың айтуынша, Астана мен Алматыда жаңбыр жауады, ал Шымкентте күн шайдай ашық.
Астана
11 маусым: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +13...+15 ℃, күндіз: +21...+23 ℃.
12 маусым: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Найзағай кезінде соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +12...+14 ℃, күндіз: +17...+19 ℃.
13 маусым: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде: +12...+15 ℃, күндіз: +23...+25 ℃.
Алматы
11 маусым: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м / с. ауа температурасы түнде 19-21 жылу, күндіз қатты жылу 34-36 градус.
12 маусым: айнымалы бұлт, күндіз қысқа жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыс жел 3-8, найзағай кезіндегі екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22 ℃, күндіз: +30...+32 ℃.
13 маусым: аспан бұлтты, күндіз аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20 ℃, күндіз: +28...+30 ℃..
Шымкент
11 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22 ℃, күндіз: +35...+37 ℃.
12 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22 ℃, күндіз: +33...+35 ℃.
13 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасытүнде: +18...+20 ℃, күндіз: +30...+32 ℃.