Елімізде ауа температурасы +20-дан −18 градусқа дейін құбылады

ЖИ/ Ulysmedia

17 қараша, сейсенбі күні Қазақстанның шығысына қарай кең ауқымды антициклон жылжиды. Оның әсерінен елдің шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Антициклонның орнын алдағы күндері солтүстік циклонның терең ойысы басады. Соның салдарынан әуелі батыста, кейін елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа райы бұзылады. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте және оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Түнде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Орталық аймақтарда, сондай-ақ шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында термометр бағаны −13…−18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Күндіз ең жылы ауа райы елдің оңтүстік-батысында сақталып, ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте +10…+20, оңтүстік-шығыста +10…+18 градус болады. Батыс пен шығыста ауа температурасы +5…+10 градус шамасында болса, солтүстік пен орталықта айтарлықтай салқын болып, −1…+4 градус аралығында сақталады.

Сізге қызық болуы мүмкін