Бұл мәселені бүгін мәжіліс отырысында депутат Екатерина Смышляева көтерді. Оның айтуынша, Қазақстан зейнетақы төлемі үшін жылына 2 трлн теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Осы ірі қаражаттан әділетсіз түрде ақша алып жүргендер бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.
«Екі елден де зейнетақы алып жүргендер көп. Олардың саны мен оларға қарсы жазылған арыздардың саны өсіп барады. Айыпақы орташа есеппен 6 млн теңгені құрап отыр. Заң барына қарамастан кейбір адамдар басқа елдерде тұрып жатса да Қазақстан үкіметінен зейнетақы алады», - дейді Екатерина Смышляева.
Депутаттың айтуынша, зейнетақы төлеу бойынша қызметін банктер клиенттердің карта-шоттарына проактивті түрде жолдайды. Келісімге қатысушы мемлекеттерде тұрақты тұруға кеткен және зейнетақы ресімделген кезде зейнетақы төлемдерін алушылар зейнетақы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі уәкілетті органды және банктерді кету, азаматтығының ауысуы туралы хабардар етпейді және оның үстіне зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы өтініш жасамайды.
«Проактивті төлемдерді енгізу кезінде адам кеткен кезде оларды проактивті тоқтатуды қамтамасыз ету дұрыс болар еді. Бірақ бұл үшін көші-қон және шекара қызметі мен зейнетақы төлемдерінің әкімшісі арасындағы жүйелі ведомствоаралық өзара іс-қимыл қажет.
Депутат сөз соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне осы мәселені қолға алуды сұрады.