Жолды неге түнде жөндемейді дегендерге

Айнель Аянова

Астана қаласының Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаске толығымен жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті.

“Сарайшық көшесінде Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде осы жылдың 13 маусымы сағат 21:00-ден 17 маусым күні сағат 06:00-ге дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жоспарлануда,”-деді елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Бұған дейін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жол құрылысындағы жемқорлықтарға байланысты талдау жүргізетінін хабарлаған едік. 

Соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 64 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеп, 70 адамды әшкереледі, 38 адам сотталды. Залал сомасы 8,8 млрд теңгені құрады.