Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот режимінде И-ге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
19 жастағы сотталушы жас балаға сексуалды сипатта зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.
Сот 2023 жылдың қазан айының соңында сотталушы 2013 жылы 23 шілдеде туған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтаған.
– Сот қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің айғақтарымен, сотталушының өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады,-деді Шымкент қаласының ҚІМАС баспасөз қызметі.
Сот И-ді ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған
кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.