Астанада алып тұрғын ғимарат өртеніп жатыр (видео)

Сырым Қаржас

Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер күресуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

ТЖМ хабарлауынша, осы минуттарда Астана қаласында өрт сөндірушілер Тұран данғылы 37/9 мекенжайында орналасқан ғимаратта шыққан өртті сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуып жатыр. Өрт сөндірушілер бірден жұмысқа кіріскен.

– Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды, – делінген ТЖД хабарламасында.