«Соғыста ешкім жеңбейді»: Израильде мыңдаған адам Нетаньяхуға қарсы наразылыққа шықты

Сырым Қаржас

Израильде Палестинадағы соғысты аяқтауға шақырған үкіметке қарсы ауқымды митингілер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы aljazeera.com-ға сілтеме жасап.

AFP

Тель-Авивте Израиль туын желбіретіп, үкімет пен премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға қарсы ұрандар айтқан ондаған мың адам наразылықпен көшеге шықты.

Демонстранттар Нетаньяхудың отставкаға кетуін, жаңа сайлау өткізіп, кепілге алынғандарды қайтаруды және Газада атысты тоқтатуды талап етті.

Жиналғандар "қылмыс министрі" және "соғысты тоқтатыңыз" деген плакат ұстап шыққан.

– Мен осындамын, өйткені мен немеремнің болашағы үшін қорқамын. Егер біз осы қорқынышты үкіметті кетірмесек, одан құтылмасақ, немерелердің болашағы болмайды.

Кнессеттегілердің бәрі егеуқұйрықтар. Мен оларға балабақшаны күзетуге де сенбес едім,-деді 66 жастағы Шай Эрель.

Сондай-ақ, көпшілік алдында Израильдің ішкі қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Шабак Ювал Дискин сөз сөйлеп, Нетаньяхуды ел тарихындағы ең нашар премьер-министр деп атады.

Үкіметке қарсы Hofshi Israel ұйымы митингке қатысушылардың санын 150 000-нан астам деп бағалап, наразылықты соғыс басталғаннан бергі бұл ең ірі ұйым деп атады.