Жас белсенділер БҰҰ-дан климатқа байланысты төтенше жағдай жариялауды сұрады

Ulysmedia

Грета Тунберг пен бірге 13 жасөспірім БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришқа БҰҰ климатқа байланысты төтенше жағдай жариялауы қажеттігіне қатысты петиция берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

amp.theguardian.com-ның мәліметінше, олар төтенше жағдайдың жариялануы ресурстар мен техникалық тәжірибені жаһандық жылыну қаупі бар елдерге, әсіресе шағын аралдардағы мемлекеттер мен дамушы елдерге, климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталады деп үміттенеді.

БҰҰ бұл петиция жобасымен танысқан және 3-деңгейлі төтенше жағдай талқыланып жатыр, бірақ бас хатшы кеңсесінің өкілі бұл жобаның іске асатын-аспайтындығы туралы пікір білдіруден бас тартты.