Астанада негізгі көшелердің бірі үш күнге жабылады

Сырым Қаржас

Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысынан Түркістан көшесіне дейін қозғалысқа тыйым салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Сығанақ көшесінің учаскесі Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейін жол төсемін жөндеу үшін үш күнге жабылады., Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

25 маусым мен 28 маусым аралығында сағат 00.00 - ден бастап толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.