Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалды

Сырым Қаржас

Құқық қорғау органдары Атырауда жеті жасар қыз баланың өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Аtyrau online

Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалғаны туралы ақпарат шықты.

– Кеше Жеңіс саябағында нөсер жаңбыр жауған кезде ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштердің бірі жеті жасар қызды басып қалды, - деп жазады Atyrau online.

Толығырақ

Полиция қайғылы оқиға 26 маусым түн ортасынан кейін болғанын хабарлады.

– 2017 жылы туған қызға ескерткіш құлаған. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды, - деп хабарлады полиция.

Тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған.