×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Түсіністікпен қараңыз: Астана тұрғындарына ескерту

27.06.2024, 23:50
Түсіністікпен қараңыз: Астана тұрғындарына ескерту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі 27 маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне дайындыққа  байланысты Астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство 28 маусым, жұма күні елордада жолдар жабылатынын ескертті.

"Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап елорданың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады. Дайындық шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай – ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2-4 шілде аралығында Есіл, Нұра және Алматы аудандарында осындай шектеулер енгізілетіні атап өтілді.

"Астана тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс – шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп қорытындылады Мемлекеттік күзет қызметі.

Бұған дейін

Астана қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейтіні белгілі болған

Саммитте не талқыланады

ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.

Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.