Қарағанды-Түркия рейсі 30 сағат кешігіп ұшқан

Ғалиасқар Думан

Жолаушылар Қарағанды-Анталья рейсінің ұшағынан ақау шыққанан айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kzhttp://Ulysmedia.kz.

Ekaraganda

Қарағанды әуежайында Антальяға ұшатын рейстің 30 сағатқа жуық кешіктірілуіне байланысты дау-дамай туындады. Жоспарланған демалысқа бір тәуліктен астам уақыт бойы ұша алмаған 300 жолаушы туралы Ekaraganda.kz сайты жазды.

Жолаушыларға не болып жатқаны бірден түсіндірілмеген. Бастапқыда олар бұған Антальядағы диспетчерлердің ереуілі себеп болды деп ойлаған. Алайда кейінірек ереуілдің еш қатысы жоқ екені, ұшақта ақау анықталғаны белгілі болды. Жолаушылар 3 шілде күні таңғы бесте ұшуы керек болатын. Одан үш сағат бұрын жолаушылар рейстің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлама алған. Біршама уақыттан соң әуе компаниясының қызметкері келіп, рейстің кешкі 10-ға ауыстырылғанын мәлімдейді.

«3 шілде күні кешкі 7-де рейстің түнгі 12-ге ауыстырылғанын хабарлады. Біз әуежайға сегіз жарымда келдік. Рейсте тек қарағандылықтар ғана емес, басқа қалалардан келгендер де болды. Оларға демалыс бөлмесінде тек 20 орын ұсынылды, алайда адамдар бұдан әлдеқайда көп. Жолаушылар бүкіл уақытты сонда өткізді. Содан кейін кешкі он жарымда бізге рейстің тағы екі сағатқа кешіктірілетіні хабарланды. Күн өте ыстық. Бізге не су, не тамақ бермеді», – дейді жолаушылардың бірі.

Кейінірек ұшақтың істен шыққаны, ал техниктің Алматыдан ұшып келе жатқаны хабарланды. Рейс тағы бірнеше рет кейінге қалдырылды.

«Сары-Арқа» әуежайы журналистерге рейстің ұшақтың бұзылуына байланысты шегерілгенін растады.

«Жолаушылар ұшаққа отырғанын хабарлады. Ұшақ таңғы 10 кезінде әуеге көтерілді. Әрине, бір тәулік демалыстың жоғалғаны өкінішті. Кейбіреулерінде тек 4 күндік тур болды, оның жартысы күйіп кетті. Әзірге шығынның өтелуі туралы әңгіме болған жоқ», – делінген материалда.