Тұрғындар наразы: Қошанов пен Бөлекбаевтың ауылында жол жоқ

Айнель Аянова

Қарағанды облысының тұрғындары жаңадан жөнделіп жатқан жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысы, Шет ауданындағы жол құрылысы 2022 жылы басталып, әлі жүріп жатыр. Төрт бөлікке бөлінген.

15 км созылған Өспен - Еркіндік учаскесіне конкурс кезінде 850 млн белгіленген. Ал Еркіндік – Жарық учаскесі 2023 жылы жөндеу басталған. Мердігер – Қарағанды жол жөндеу компаниясы. 

«Армяндар жөндеді. Әлі жөндеп жатыр. Асфальт деген аты ғана. Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Асфальт деген аты ғана. Есіл ақша. Жүру мүмкін емес, көліктің әр жері сынады. Сағатына 40 км-мен жүрмесең болмайды. Жаңбыр жауса, тіпті, қиын», — дейді тұрғындардың бірі.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Шет ауданы Өспен ауылының тумасы. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов та туған жері осы аудан.