Каспийдегі қасіреттен аман қалған сарбаздар жақындарымен қауышты

Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған мерзімді әскери қызметтегі матростар үйіне орала бастады. Олардың туыстарымен қауышқан сәттері әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Мән-жай

Алғашқылардың бірі болып Жаңаөзенге 19 жастағы Ақжол Темерхан оралды. Жас сарбаз үйіне қайтардан аз уақыт бұрын жарақаттарына байланысты ем алып, ауруханадан шыққан.

Жақындарымен кездесуі әдеттегідей әскерден босатылуға арналған салтанатты шара, музыка мен мерекелік көңіл-күйсіз өтті. Ақжол ата-анасымен бірге қаза тапқан 14 әскери қызметтестің отбасына арнайы барып, көңіл айтуды ұйғарған.

Кейін аман қалған тағы екі матрос – Қуандық Бекет пен Никита Удалов та туған-туыстарымен қауышты. Әлеуметтік желілерде олардың вокзалда отбасыларымен кездескен алғашқы сәті түсірілген кадрлар тарады.

Үш әскери қызметші де қиын жағдайда әскери қызметтестерін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қуандық Бекет, Никита Удалов және Ақжол Темерхан «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.