Оралда 5 жасар бала терезеден құлап кетті

Ғалиасқар Думан

Орал қаласында 5 жасар бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні «Астана» шағына уданында болған. Сағат 12:52-де биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту түскен.

“Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр”, – деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 7 шілдеде Оралда балалардың терезеден құлауына байланысты екі қайғылы оқиға болған еді. Оның бірінде бала оқиға орнында көз жұмды.

"Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өклідері.

Тура сол күні бес жастағы бала үшінші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Оның жағдайы орташа ауыр деңгейде екені хабарланды.