Қазақстанда кепілсіз несие сомасы шектелмек

Ulysmedia

Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз несиелер сомасын шектеу көзделіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес тұтынушылық банк қарызы мен тұтынушылық микрокредиттің максималды сомасын белгілеу көзделген:

  • екінші деңгейдегі банктер, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін кепілсіз тұтынушылық банк қарыздары бойынша – 2 200 АЕК;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер бойынша 1 100 АЕК.

Құжат 31 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.