Олигарх Сәрсеновке қатысы бар компанияға 100 млн теңге айыппұл салынды

Ulysmedia

"KSP Steel" ЖШС экологиялық нормаларды бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Коллаж: Ulysmedia

Прокуратура KSP Steel компаниясының 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды тиісті рұқсаты жоқ заңды тұлғаға бергенін анықтады. Бұл экологиялық заңнама талаптарына қайшы келеді.

Компаниядан қоршаған ортаға эмиссия үшін 106 млн теңге төлем өндіріп алынды.

KSP STEEL 

Зауыт 2007 жылы құрылған. Кәсіпорын мұнай-газ саласына арналған болат құбырлар өндірісімен айналысады. Ішкі нарықтан басқа, компания өнімдерін Ресей, Әзербайжан және Түрікменстанға экспорттайды.

Құрылтайшылары – Эдуард Креймер және олигарх Рәшит Сәрсеновпен аффилирленген Asia Pasific Investments Limited.

СӘРСЕНОВТЕР

Семья Сарсеновых – № 9 в списке 75 богатейших бизнесменов РК по версии Forbes Kazakhstan. Состояние на май 2024 года – $970 млн.

Семье Сарсеновых принадлежат АО “Нурбанк”, страховая компания “Виктория”, сеть АЗС Helios, хлебобараночный комбинат “Аксай”. Кроме того, она владеет золотодобывающей АО AltynEx Company, ТОО “Производственное объединение “Кокше-Цемент”, металлургической компанией ТОО “Кастинг”, ТОО Oil Real Estate (управление недвижимостью), ТОО “Компания Нефтехим LTD” (производство полипропилена), торговым ТОО Caspian Food, ТОО “Текелийский Горно-Перерабатывающий Комплекс”.