Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Жарнама туралы" заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Құжатқа сәйкес, елде мистикалық қызметтер мен бақсы-балгерлерді жарнамалауға тыйым салынды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президент әкімшілігі түсіндіргендей, заңның мақсаты — азаматтардың санасын оккульттік, сиқырлы және басқа да сенімсіз әдістермен манипуляциялауды болдырмау.
Жогорку Кенеш маусым айында оккульттік-мистикалық қызметтерді жарнамалауға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдады. Заң жобасының бастамашыларының бірі - депутат Марлен Маматалиев.
Заң қабылданғаннан кейін ҚР Министрлер кабинеті жарнамасына тыйым салынатын оккульттік-мистикалық қызметтердің тізімін анықтауы керек.