Министрлік Рыбакинаға қатысты түсінік берді

Әлихан Асқақ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина XXXIII жазғы Олимпиадаға денсаулығының нашарлауына байланысты қатыса алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Дереккөз

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ресми ақпарат берді. 

Оның Уимблдон турнирінен кейін тыныс алу жолдары қабынып, ісініп, ауырған. Соған қарамастан Елена дайындалып, олимпия ойындарында жоғары нәтиже көрсеткісі келді. Алайда дәрігерлер оған кортқа шығуға, ұшуға тыйым салған. ҚР Туризм және спорт министрлігі спортшының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді. Біз оның алдағы жарыстарға бұдан мықты болып оралуын тілейміз - делінген министрліктің ақпаратында.