Астанадағы Тұран даңғылында қозғалыс шектелді

Сырым Қаржас

Елордадағы Тұран көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

qazir.kz

Елорда әкімдігі Тұран даңғылы бойындағы жол төсемін Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Қозғалыс 28-30 шілде аралығында ішінара жабылады.

– Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) болады, — делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағдарды алдын ала жоспарлауды сұрады.