Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 0,5% – 1 доллар үшін 474,15 теңгеге дейін әлсіреді. Бұл жөнінде Ұлттық банк Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Шілде айындағы деректер
KASE-дегі сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі бір айда $183 миллионнан 170 миллионға дейін төмендеді.
Шілде айында Ұлттық қордан $506 млн соманың валютасы сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 14% құра күніне 23 млн доллардан аспаған.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық банк биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы рынка 275 млн немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 7% құрады.
– Үкіметтің "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу жөніндегі шешімін іске асыру шеңберінде Ұлттық банк Ұлттық қордың валюталық активтерінің бір бөлігін Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне сату жолымен айырбастауды жүзеге асырды. Нарықтық бейтараптықты сақтау және валюта нарығына операцияны көрсету үшін Ұлттық Банк шілде айының ортасынан бастап сатып алынған көлемді біркелкі сатуға кірісті, - делінген хабарламада.
Шілде айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 115 млн долларды құрады,
Тамыз айына болжам
Осы айда алтын-валюта резервтерінен валютаны сату сомасы 230 млн-нан 250 млн долларға дейін болады деген болжам бар.
Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша тамыз айында Ұлттық Қордан 500 млн-нан 600 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтіледі.