×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кісі өлтірген діни радикалдар ұсталды - ҰҚК

08.08.2024, 11:08
Кісі өлтірген діни радикалдар ұсталды - ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында діни радикалдардан құралған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Ulysmedia.kz Ұлттық қакіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

КҮДІКТІЛЕР ҚАТАРЫНА АДАМДАРДЫ ТАРТҚАН

Қылмыстық топта еліміздің бес азаматы болған. Олар сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер елімізде терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыруға мақсатында құрамына адамдарды тартуға қатысқан.

Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болғаны да анықталды.

ТАҒЫ БІРЕУІ ШЕТЕЛДЕ ДАЙЫНДАЛҒАН

Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, шілдеде ҰҚК Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік әрекеттер ұйымдастырған деген күдікпен бес адамды ұстаған болатын. Олардың біреуі шетелдік азамат.