Елімізде Абай есімді 18 586 адам бар

Сырым Қаржас

Ұлттық статистика бюросы хәкім Абайдың құрметіне қойылған есімдер туралы қызықты мәліметтерін бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бгін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы ұлы ойшылдың құрметіне қойылған есімдер туралы қызықты мәліметтерін бөлісті.

Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады екен. 

Хәкімнің есімі берілгендердің ең көбі Түркістан облысында тұрады — 2050 адам, одан кейін Астана — 2021 адам және Алматы қаласы — 1639 адам.

Ойшыл ақынмен аттас азаматтардың ең азы Ұлытау өңірінде — 193 адам.

Ал ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) Абай есімді 232 адам тұрады.

Егер жас құрамы бойынша қарайтын болсақ, 18 жасқа дейінгі 4166 балаға Абай есімі берілген.

18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6241 адам бар.