Домбыра + рэп: Димаш жаңаша мәнерде орындаған әнін жариялады

Ulysmedia

Концерттің өзі осы жылдың басында өткен. DIMASH DIGITAL SHOW онлайн-концертінің үзіндісі әншінің youtube арнасында бүгін жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген орындаған «Be With Me» әнін өзі жазған. Ән мәтінінің авторы Джордан Аракелян. Әнді өңдеген Ерлан Бекчурин.

DIMASH DIGITAL SHOW – қазақ әншісінің жаһандық пандемиядан кейінгі ең ірі онлайн-концерті. Ол концертті өткізуге заманға сай телевидение мен виртуалды технологиялар тартылған. Ол концертті ұйымдастыру үшін 140 адамнан тұратын интернационалды команда жұмыс істеген.