Теміртаудағы екі жұмысшының өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Сырым Қаржас

Қарағанды облысының полиция департаменті екі жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы.

ЖИ

Қарағанды облысының полиция департаменті "Қазмеханомонтаж" ЖШС-нің екі қызметкеріне қатысты іске түсініктеме берді.

– ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалға. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиға жайлы

25 тамызда сағат 9:20 шамасында Теміртауда химиялық ұстау блогы (ХҰБ) ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлап кеткен.

Екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмған.

Қаза тапқан Д. Иманғалиев 19 жаста, Ю.Самойлов 38 жаста болған.