Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Мұхтар Жәкішевтің АЭС жөнінде айтқан пікіріне байланысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сұрақ
– Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев GPT чат есептеулерін пайдалана отырып, елді энергиямен қамтамасыз етудің жаңа тұжырымдамасын әзірлегенін айтты. Атап айтқанда, ол мәселені табиғи газ арқылы шешуді ұсынып отыр. Қазақстанда жыл сайын жылына 9 млрд текше метр газ жағылады деген рас па? – деп сұраған журналист министрден.
Жәкішев АЭС жайлы не деді
Жалпы Мұхтар Жәкішев таяуда берген сұхбатында атом энергиясын кейбір адамдар елдегі энергетика мәселесін шешуде бірден-бір амал деп қарастыратынын алайда бұл пайым дұрыс емес екенін айтады. Жәкішевтің сөзінше, мәселені реттеудің үнемдеуге болатын әрі тәуекелі аз амалдары бар.
– Айтылып жатқан АЭС-тердің ешбірі Қазақстанның энергия жүйесіне келмейді. Бұл позицияны бұрыннан айтып келе жатырмын. Бізде қуаттылық резерві жағынан энергия жүйесінде біз қуаттылығы 800 МгвВТ қана қуатты жеткізе аламыз. Басқа жағдайда резервтеу, қауіпсіздік проблемасы туындайды. Ұсынылып жатқан АЭС-тердің бәрі де 1200-1600 МгВТ деңгейінде. 800 МгвВТ қана сиятын энергия желілеріне 1200-1600 МгВТ сыйғыза алмайсыз, – дейді ол
Жауап
Бұл сұраққа жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Жәкішевтің бұл тұжырымы өзіне ұнағанын айтады.
– Яғни барлық негізгі трендті, соның ішінде халықаралық трендтерді ол кісі нақты атап өтті. Әрине, оның газ генерациясын ауыстыру немесе пайдалану жөніндегі ұсынысы контекстен тыс әңгіме. Неліктен? Себебі ол жариялаған сандар, менің ойымша, жанып кететін газдың шамамен 8 немесе 9 миллиард текше метр екені жөнінде мәлімет шындыққа сай келмейді. Яғни, іс жүзінде біз максимум 340, шамамен 300 миллион жағамыз, бұл бүкіл газ көлемінің 1% - дан азы, – дейді ол.
Министрдің сөзінше, аталған мөлшер газ генерациясының көзі бола алмайды.
– Бізде газ өндірісін дамытудың жүйелі жоспары бар. Мен бұл жайлы бұрын да айттым. Бізде толығымен автоматты түрде осындай кешенге тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін газ станциясының негізгі гигаватт қуаты салынады. Газ, әрине, көмірге қарағанда экологиялық таза, бірақ СО2 шығарындылары бойынша көміртекті бейтарап мәселелерін шешу тұрғысынан бұл атом энергетикасы сияқты күшті тиімді механизм емес. Сондықтан біз Қазақстанда газ генерациясы да, атом генерациясы да, жаңартылатын көздер де болуы тиіс деген тұжырымға келіп отырмыз. Біздің ең арзан таңдауымыз – газ және көмір генерациясы, онымен де тұрақты баға балансын қамтамасыз етуге болады, – дейді ол.
Қазақстандағы АЭС
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялады. 2023 жылы 4 қазанда Қазақстанның Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін атом электр станциясының құрылысына байланысты барлық жұмыс тоқтатылғанын хабарлады.
2023 жылы қарашада Ресей басшысы Владимир Путин егер Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда "Росатом" мемлекеттік корпорациясы тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.
Референдум күзге жоспарланған. Осы уақытқа дейін барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс.